
Бухгалтерия кафедра 2024-2025 оқу жылы
Бухгалтерия кафедра апталық 2023-2024 оқу жылы
Кафедра тарихы
«Бухгалтерлік және экономикалық» пәндер кафедрасы мамандарды оқу орнының іргетасы қаланғаннан бері дайындап келеді.
1969 жылы «Құрылыстағы жоспарлау» алғашқы мамандықтардың бірі болып ашылды, ал 1970 жылы «Ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп», «Құрылыстағы бухгалтерлік есеп» мамандықтары бойынша студенттер қабылданды. Осы кезең ішінде аталған мамандықтар бойынша мыңдаған түлектер бітіріп, халық шаруашылығының барлық салаларында еңбек етіп келеді.
Еліміздің экономикасында түбегейлі өзгерістердің орын алуына байланысты және заман талабына сәйкес жаңа мамандарға сұраныс пайда болды. 1992 жылы «Банк ісі», «Коммерциялық қызмет», «Менеджмент», «Маркетинг», «Аудитор», «Биржалық қызмет», ал 1993 жылы «Сақтандыру ісі», «Салық ісі» мамандықтары ашылды.
Мамандарды дайындауға Кузина Н.Т., Цветкова Л.А., Зайцева Л.И., Шпаченко Н.Ф., Ажигулова Ж.Х., Шуленбаева А.К., Кудайбергенова Ш.И., Ордабекова Л.Ғ., Балашова Р.Ф., Глазкова Н, Оплачко В.В., Берг Н.И., Сулейменова М.А., Джананова Г.И., Хван В.Г., Абулхаирова Б.Е., Джалимбетов Ш.Ж., Аралова М.А., Джалимбетов Д.Ш, Курманбекова О.К., Ли С.А., Бапанов Т, Альмаханова З.А., Молдашбаева Л.Б., Қалымбетова Г.С. үлкен үлестерін қосты.
«Бухгалтерлік есеп пәндер» кафедрасы арнаулы мамандар даярлайтын кафедралардың бірі ретінде 1992 жылы жеке өз алдына бөлініп шықты. Содан бері Балашова Р.Ф., Альмаханова З.А., Сейдалы Б.П., Қалжанова Д.О., Назарова Г.Т. кафедра меңгерушісінің қызметін атқарды.
«Қаржы және несие» кафедрасы жоғарыда аталған мамандықтар бойынша арнайы кафедралардың бірі ретінде жұмыс жасап келді. Кафедраның аталуы бірнеше рет өзгертіліп, оны Джалимбетов Ш.Ж., Аралова М.А., Көптаева Г.Т., Шуленбаева А.К. кафедра меңгерушісінің қызметін атқарды.
1992 жылы мамандарды сапалы даярлау мақсатында «Ақ-Қанат» студенттік банкі ашылды. Онда банк қызметтерін көрсету, депозиттерді ашу және клиенттермен жұмыс жасауда студенттер қатысып, тәжірибелік дағдыларлы игерді. Бұл жұмыстарды жүзеге асыруда кафедрада еңбек еткен Исина М.В., Лебедева Н.М., Чекаева Д.Т. ерекше атап өткен жөн.
2014 жылы «Бухгалтерлік есеп пәндер» мен «Қаржы және несие» кафедралары біріктіріліп – «Бухгалтерлік және қаржы» пәндері кафедрасы болып аталды. Дайындалатын мамандықтар – «Қаржы», «Есеп және аудит». 2022 жылы кафедраға «Экономика және менеджмент» кафедрасы қоысылып – «Бухгалтерлік және экономикалық» пәндер кафедрасы болып атауы жаңартылды. Кадрларды дайындау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен МЖББС сәйкес жүргізіледі. Мамандықтар мазмұны типтік оқу бағдарламасына сәйкес келетін оқу – әдістемелік кешендермен толығымен қамтамасыз етілген. Кафедра қазақ және орыс тілдерінде мамандарды дайындауды жүзеге асырады.
Қазіргі таңда кафедрада Назарова Г.Т., Сейдалы Б.П., Калжанова Д.О., Молдахметова А.Б., Кемпрекова Э.У., Жайықова К.Т., Қосманбетова Г.Т., Нуржанова Д.Ш., Батырбаева С.М. еңбек етеді.
«Есеп және аудит» саласында студенттерді дайындау бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікте ақпаратты қалыптастырудың қағидаттары мен нақты ережелерін түсінетін, бухгалтерлік есепті жүргізудің бүгінгі күнгі әдістерін білетін және бухгалтерлік есептілікті дайындау мен аудиторлық тексеру тәжірибесін меңгерген білікті бухгалтерлер мен аудиторларды дайындауға бағытталған.
Бухгалтер мамандығының қыр-сырын меңгеріп, оның ұшар биігіне жетіп, бухгалтерлік есептің дамуына өз үлестерін қосады. Қаржылық пәндерді оқып үйреніп, микро, сондай-ақ микро деңгейдегі экономикалық үрдістерді басқара алады. Бухгалтерлік есеп, жазба жазумен бірге пайда бола отырып, шаруашылық қызметтің іргелі қажеттілігіне айналды. Бүкіл әлем оны бизнесті оқып – үйренетін студенттер үшін ең маңызды пән ретінде мойындайды.
Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптасудың әр-түрлі әдістерін білуді, кәсіпорындарда қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзінде асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсыну керек, яғни оның қызметінің аясы есепшіліктен қаржы жағдайын талдаудың ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп айтарлықтай кеңейді. Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ-тілектеріне толығынан жауап бере алатындай болуы тиіс. Іскерлік басқару шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Сондықтан бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізбей, шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Аталған мамандықтардың түлектері экономист, бухгалтер, аудитор, мемлекеттік қызметші, менеджер, кәсіпорын басшысы, аналитик, банк қызметкері, сақтандыру агенті, қаржылық менеджер және т.б. лауазымдарды атқара алады.
Кәсіби қызмет сферасы болып мемлекеттік органдар, меншіктің барлық нысандарындағы мекемелер мен ұйымдар, экономиканы басқару мен мемлекеттік реттеу органдары, нарықтық инфрақұрылым ұйымдары, ғылыми – зерттеу мекемелері табылады.
Кәсіби қызметінің бағыттары меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындарда экономикалық, басқарушылық, кәсіпкерлік, коммерциялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған.
Қай уақытта да болмасын бұл өте маңызды. Өйткені, нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой-жүйесімен өзгеше іс-әрекеттерді талап етеді. Болашақ мамандарды дайындаудағы басты міндеттер кафедра алдында тұрған келесі мақсаттардан туындайды:
- білімді маман асқақ азамат дайындау;
- кафедрада оқытылатын пәндер бойынша оқытушылардың кәсіби деңгейін көтеру, білімдерін, педагогика және психология негіздерін, оқыту әдістерін тереңдету;
- студенттермен сабақтан тыс жұмыстарды өткізу арқылы белсенді шығармашылық деңгейін тәрбиелеу және танымдық бағытта таңдаған мамандығына деген қызығушылығын, ынтасын, ой-өрісін кеңейте отырып қалыптастыру;
- студенттердің алған білімдері мен дағдыларын жетілдіру мақсатында оқытудың техникалық құралдарын және оқытудың инновациялық түрлерін белсенді қолдану;
- оқу процессін өндіріспен байланыстыра отырып жүргізу.
Оқу бітірген соң түлектер бухгалтер, қаржыгер ретінде меншіктің барлық түрлерінде ұйымдарда, өндірістік сферада, қызмет көрсету сфераларында, кәсіпорындарда, банктік жүйеде, экономиканы мемлекеттік реттеуді басқару органдарында және тағы басқа мекемелерде жұмыс істей алады.
КАФЕДРА ҚҰРАМЫ
Білімді маман даярлау ісінде кафедра оқу орнының өзегі болып есептеледі. Себебі, кафедрада білікті маман дайындауда жүзеге асырылуға тиіс оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми және тәрбие жұмыстары тоғысады. Сондықтан білімді маман даярлау кафедраның жұмысына, ондағы оқытушылар құрамының білім сапасына тікелей байланысты. Білімді мамандар даярлау ісіне қойылатын талаптардың өсуіне байланысты кафедра оқытушылары өздерінің кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отырады.
Кафедраның оқытушылық құрамы
|
№ |
Педагогтың тегі, аты,әкесінің аты (болған жағдайда) |
Білімі (ЖОО аты, бітірген жылы, диплом бойынша мамандығы) |
Ғылыми дәрежесі, атағы, санаты. |
|
1 |
2 |
5 |
6 |
|
1 |
Назарова Гүлзакира Токтаровна |
Қазақ мемлекеттік экономикалық университеті, 1992ж, «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық жұмысын талдау», экономист. |
Есеп және аудит мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі, Педагог-сарапшы |
|
2 |
Қалжанова Дина Омарбаевна |
Алматы халық шарушалығы институты, 1991 ж, «Бухгалтерлік есеп және шаруашылық жұмысын талдау», экономист. |
Есеп және аудит мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі, Педагог-сарапшы |
|
3 |
Сейдалы Бибижамал Пернебекқызы
|
Алматы халық шарушалығы институты, 1990ж, «Өнеркәсіпті жоспарлау», экономист. |
Есеп және аудит мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі, жоғары санат Педагог-модератор |
|
4 |
Жайықова Күлдаркүл Тәңірбергенқызы
|
Алматы экономикалық университеті, 2005ж, «Бухгалтерлік есеп және аудит», экономист. |
Есеп және аудит мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі, педагог-модератор |
|
5 |
Кемпрекова Эльмира Ускенбаевна |
Қарағанды экономикалық университеті, 2002ж, «Қаржы және несие», экономист мамандану: салық және салық салу. |
Есеп және аудит мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі, Педагог -модератор |
|
6 |
Нуржанова Дина Шералиевна |
Оңтүстік Қазақстан техникалық университеті, 1997ж. “Өнеркәсіп экономикасы және менеджмент”, инженер-экономист |
Менеджмент магистрі Педагог-модератор |
|
7 |
Косманбетова Гүлмира Тұрғанбайқызы |
Қазақ мемлекеттік басқару академиясы1993ж “Азық-түлік емес тауарлар нарықтағы коммерциялық қызмет”, тауартанушы-коммерсант |
Есеп және аудит мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі, Педагог -модератор |
|
8 |
Батырбаева Сапаркул Мухтаровна |
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 2006ж, «Қаржы» мамандығы бойынша Қаржы бакалавры |
Экономика мамандығы бойынша магистр, Бірінші санат |
|
9 |
Молдахметова Айгүл Бекмырзаевна |
Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты, 1994ж, «Агроөнеркәсіптік кешен саласының экономикасы және оны басқару», инженер-экономист. |
Экономика ғылымдарының кандидаты, Педагог-модератор |
КАФЕДРА ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Экономика ғылымдарының кандидаты – 1 (11,1%)
Магистр – 8 (88,9%)
Педагог-сарапшы –2 (22,2%)
Педагог-модератор –6 (66,7%)
Педагог – 1 (11,1%)
ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТЕР
– Шымкент қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы;
– “Динар” бухгалтерлік мектебі ЖШС;
– “Капитал” бухгалтерлік компаниясы ЖШС;
– “Финконсалт” ЖШС;
– “DOC GROUP” ЖШС.
Оқытушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстары, басылымдарға жарияланған мақалалар тізімі
2023-2024 оқу жылы
|
№ |
Оқытушының аты-жөні |
Мақала тақырыбы |
Жарияланған басылым атауы |
|
1 |
Кемпрекова Э.У. |
Қазақстан республикасыдағы әлеуметтік сақтандыру мәселелері
|
«Орталық азия жоғары білім кеңістігі: ынтымақтастықтың мақсаттары мен перспективалары» Аттыжас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңбектер жинағы |
2024-2025 оқу жылы
|
№ |
Оқытушының аты-жөні |
Мақала тақырыбы |
Жарияланған басылым атауы |
|
1 |
Бекбулатова Р.М. |
Эффективные формы организции работы педагога |
Педагогикалық шеберлік №04/10 |
|
2 |
Косманбетова Г.Т. |
Қаржылық сауаттылық – заман талабы |
Педагогикалық шеберлік №04/10 |
|
3 |
Кемпрекова Э.У |
Ұлттық төлем жүйесі |
Педагогикалық шеберлік №04/10 |
|
4 |
Назарова Г.Т. |
Кәсіби біліммен сусындаған бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел болашағы
|
Техникалық және кәсіптік білім №3 (58)/ 2024 Ақпраттық-әдістемелік журнал |
|
5 |
Калжанова Д.О. |
Учет нематериальных активов в условиях цифролизации |
«Қ.Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ «Қазіргі ғылым: өзекті мәселелер және оны шешу жолдары» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдар жинағы, Алматы 2024ж. |
|
6 |
Калжанова Д.О. |
Финансовая отчетность: теория и практика |
«Жаңашыл Үздік Ұстаз» журналы |
|
7 |
Жайықова К.Т. |
Кірістер мен шығыстарды есепке алу |
«Жаңашыл Үздік Ұстаз» журналы |