Skip to content

«Құрылыс пәндері» кафедрасы

 

«Құрылыс пәндері» кафедрасының пәндік апталығы  2024-2025ж.

«Құрылыс пәндері» кафедрасының пәндік апталығы  2023-2024ж.

 

1969 жылы Шымкент гидромелиоративтік-құрылыс техникумы ашылған соң, құрылыс мамандықтарының негізінде 1970-1971 жылдары құрылыс пәндері циклдық комиссиясы құрылды. Сол уақыттан бастап, өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс, ауыл шаруашылығы құрылысы, сумен қамтамасыз ету және канализация мамандықтары бойынша техник-құрылысшылар дайындала бастады. Осы мерзімге дейін «Құрылыс пәндері»  кафедрасынан 4500-ден астам техник-құрылысшылар мамандық алып шықты. Олар еліміздің түкпір-түкпірінде құрылыс саласында жемісті қызмет атқарып келеді. Сол кездерде «Құрылыс пәндері» кафедрасында өндірісте мол тәжірибе жинаған инженер-құрылысшылар Мадыкин Митрофан Николаевич, Кузин Иван Степанович, Сажнева Раиса Васильевна, Шапкина Галина Петровна, Брянцев  Анатолий Васильевич, Ким Яков Васильевич, Михайлов  Александр Алексеевич, Адиходжаева Кулайна Абылкасымовна, Алманова Сұлушаш Балқыбайқызы,  Боранбаева  Фатима  Алпысбаевна, Ахметбай Ақылбек Молдабекұлы,  Тартықбаев  Қыдырәлі  Меңтайұлы  т.б. оқытушылар қызмет атқарды.

«Құрылыс пәндері» кафедрасында «Құрылыс материалдарын сынақтан өткізу» лабораториясы, «Үйлер мен ғимараттар конструкциясы», «Құрылыс конструкцияларын  есептеу негіздері», «Құрылыс өндірісінің технологиясы және оны ұйымдастырылуы», «Құрылыс материалдары және бұйымдары», «Геодезия», «Техникалық механика» дәрісханалары жабдықталып, студенттерге  сапалы білім беру көзіне айналды. Қазіргі таңда кафедра «Ғимараттар мен үймәреттерді  салу және пайдалану» мамандығы бойынша техник-құрылысшыларды дайындау  үстінде.

            2025-2026 оқу жылында  кафедрамызда  19 оқытушы қызмет атқаруда. Атап айтқанда:

Утегенов Мусахан Қалаубекович

Колледж директоры, Оқытушы

Торебеков Еркебұлан Нажімадинұлы

Кафедра меңгерушісі, Оқытушы

Мадиярова Гаухар Кокешовна Оқытушы
Добровольская Викторина Валерьевна Оқытушы
Жантурсынова Лэззэт Амантаевна Оқытушы
Оразова Гульмира Файзуллаевна Оқытушы
Бекенова Арайлым Бекенқызы Оқытушы
Алтынбаева Анна Валерьевна Оқытушы
Мәлік Асылжан Мадиярқызы Оқытушы
Халсейтова Айдана Нұрланқызы Оқытушы
Баубек Асқар Жаналыұлы Оқытушы
Бағысбай Ақниет Акмалұлы Өндірістік оқу шебері
Орынбасарова Данара   Досжанқызы Оқытушы
Бегилда Аяна Нұрғалиқызы Оқытушы
Мыңбай Пернегүл Балғабайқызы Оқытушы
Ильясова Ақерке Қайсарқызы Оқытушы
Еримбетова Гульмира Мырзакасымовна Оқытушы
Сәбит Мереке Қайратқызы Оқытушы
Бәйірбек Аида Қуандыққызы Оқытушы

         Студенттердің сапалы білім алуы үшін «Құрылыс пәндері» кафедрасында   «Үйлер мен ғимараттар конструкциясы», «Құрылыс конструкцияларын  есептеу негіздері», «Құрылыс өндірісінің технологиясы және оны ұйымдастырылуы», «Құрылыс материалдары және бұйымдары», «Геодезия», «Техникалық механика» дәрісханалары және де «Құрылыс материалдарын сынақтан өткізу» лабораториясы жабдықталып, студенттерге  сапалы білім беру көзіне айналды. Мұнда интерактивтік тақта, компьютер, электрондық оқулықтар , көрнекіліктер , макеттер, стенділер заман талабына сай орындалып, жаңа СНиП-тер мен типтік жобалар толығымен қамтамасыз етілген.

 Студенттер алған теориялық білімдерін, қала, облыс көлемінде жүріп жатқан үлкен құрылыс нысандарында  тәжірибеден өтіп,  біліктілігін шыңдайды.

            Өндіріс, оқу  практикалары  тәжірибелі оқытушылардың жетекшілігімен қалада қарқынды жүріп жатқан  құрылыс алаңдарда өтіледі. Мысалы: «Тұран»  мөлтек ауданындағы құрылыс нысандары.

            Тәрбие процесін  ізгілендіру,  жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға  мүмкіндігінше  жағдай жасап, студерттерді  салауатты өмірге баулу  және мәдениетті, білімді , адамгершілігі мол  ,  өз Отананың ,  халқының  салт-дәстүрін , әдет-ғұрпын  құрметтейтін  Қазақстанның   азаматын  қалыптастыру  мақсатында өткізілетін шараларға  кафедра  оқытушылары  өз үлестерін қосуда.

            Студенттердің бойына имандылық  нұрын  ұялатуға үлкен әсер етілетін  шаралар да жеткілікті. Имандылық сабақтары да өткізіледі.

Жеке тұлғаның өзін-өзі тануына  және рухани баюына  әсер ету үшін   тәлімгерлер тарапынан әртүрлі тренингтер, эстетикалық әңгімелесу, интерактивті оқыту  әдістерін  қолдана отырып,  бөлім меңгерушісімен  өзара бірлесіп әрекет жасауда.

Сонымен қатар, оқытушылардың  көңіл –күйін көтеруге жағдай жасалып, ұйымдастырылуы дұрыс жолға қойылған. Мерекелерді, туылған күндерді бірге өткізіп  ,концерттерді бірігіп тамашалап  ұжымда сыйластық, ынтымақтастық  рух қалыптасқан.