Skip to content

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА! Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты “М.Өтебаев атындағы ЖЖТК”…

АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты "М.Өтебаев атындағы ЖЖТК” МКҚК-ны әкімшілігі 2023-2024 оқу жылында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында колледжде ақша жинаудың кез-келген әрекетіне тыйым салынатынын ескертеміз!
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңын басшылыққа алып, кез-келген мерекелік іс-шараларда, оқытушыларға бағалы сыйлықтар мен колледждің жөндеу жұмыстарына және тағы басқа мақсатта ата-аналардан және ата-аналар комитеті атынан ақша жинауға катаң тыйым салынатынын ескертеміз!
Сіздерден үлкен өтінішпен, осы заңда көрсетілген қағидаларды бұзбауға, заң талаптарын сақтауға шақырамыз! Заң бұзушылық фактілері анықталған жағдайда заңмен қудаланатынын, қызметтік міндеттерінен айыру, айыппұл төлеу жазалары бар екенін ескертеміз!
Егер осындай жағдайларға байланысты мәселелер туындап жатса сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін жауапты маман, комплаенс офицерге +77007127878 байланыс нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз!
Комплаенс офицер Шалдарбеков Ахмед Молдабекұлы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *