Skip to content

«ҰСТАЗЫМА МЫҢ АЛҒЫС» «Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» – деген…

«ҰСТАЗЫМА МЫҢ АЛҒЫС»

«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» – деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі – өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті – жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін.

Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,
Білімдік бар биікке шығар саты.
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан жақын, жаты…
Бар ғалым, барлық қоғам мұғалімді,
Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін.
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілейміз. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Мерекелеріңізбен! Мерейлеріңіз үстем болсын!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *