«АҚПАРАТ КҮНІ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
2023 жылдың 11-13 қазан күндері кітапхананың оқу залында кітапхана қорына жаңадан түскен әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды насихаттау мақсатында «АҚПАРАТ КҮНІ» ұйымдастырылды.
Мақсаты: колледжде білім беру үдерісінде кітапхана қызметін пайдаланушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Кітап көрмесінде оқу процесіне, әр мамандық саласына байланысты кітаппен қамтылуы, саны (тираж), басылымдарға сұраныс анықтау мақсатында мәліметті кітап қорын толықтыру туралы кітапхана меңгерушісі М.Бекаманова толық мағлұмат берсе, кітапханашы Қ.Қайып жаңа түскен әдебиеттерге библиографиялық шолу жасады.
Кітап көрмесіне 87 атауымен әдебиеттер ұсынылып, 115-ден аса оқырман танысып, көрмедегі әдебиеттердің оқу бағдарламасына қажеттілігін атап өтті.



