АРДАГЕР ҰСТАЗ АРДАҚТАЛДЫ
13 қазан 2023 жылы М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде Құрметті судья, Ардагер ұстаз Темір Өмірбек Темірұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «ЕҢБЕГІ ЕРЕН-ЕР ТҰЛҒА!» тақырыбында кездесу өтті.
Заң ғылымдарының докторы, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «Ауыл» ХДПП Шымкент қаласы бойынша филиялының төрағасы Досалиев Қанатбек Балтабайұлының ұйытқы болуымен «Заң» бөлімі, «Құқықтану пәндері» кафедрасы және «Ауыл» ХДПП бірлесе отырып ұйымдастырған іс-шараның мақсаты ардагер ұстазды ардақтау, өмірі мен еңбек жолын өскелең ұрпаққа дәріптеу.
Жиынның алғы сөзінде Қанатбек Балтабайұлы арнайы шақырылған қонақтар мен студенттерге Өмірбек Темірұлының өмір жолына соның ішінде сот саласындағы, педагогтік саладағы қызметіне тоқтала отырып, үлкенге құрмет көрсету, мәдениетті болу, ұлттық құндылықтарды сақтау жөнінде айтып өтті.
Іс-шара барысында қонақтар ардагер ұстаз туралы жақсы пікірлерімен бөлісіп, жастар сұрақтарына қанағаттанарлық жауап алып, соңынан ұйымдастырушылар тарапынан Өмірбек ағамыздың иығына шапан жабылды…










