Skip to content

ЗАҢГЕРЛЕР ҰРАНЫ ШЫРҚАЛДЫ М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде Құрметті…

ЗАҢГЕРЛЕР ҰРАНЫ ШЫРҚАЛДЫ

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде Құрметті судья, Ардагер ұстаз Темір Өмірбек Темірұлының 80 жылдық мерейтойына арналған «ЕҢБЕГІ ЕРЕН-ЕР ТҰЛҒА!» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Заң ғылымдарының докторы, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «Ауыл» ХДПП Шымкент қаласы бойынша филиялының төрағасы Досалиев Қанатбек Балтабайұлының ұйытқы болуымен «Заң» бөлімі, «Құқықтану пәндері» кафедрасы және «Ауыл» ХДПП бірлесе отырып ұйымдастырған іс-шараның мақсаты ардагер ұстазды ардақтау, өмірі мен еңбек жолын өскелең ұрпаққа дәріптеу.
Іс-шара барысында қонақтар ардагер ұстаз туралы жақсы пікірлерімен бөлісті. Сонымен қатар, Өмірбек ағамыздың әнімен сөзіне жазылған «Заңгерлер ұраны» орындалды. соңынан ұйымдастырушылар тарапынан иығына шапан жабылып, естелікке суретке түсті…

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *