Skip to content

МҰРАЖАЙЫНА САЯХАТ ЖАСАДЫ Қазақ ұлты үшін жанын қиған Алаш арыстарын,…

МҰРАЖАЙЫНА САЯХАТ ЖАСАДЫ

Қазақ ұлты үшін жанын қиған Алаш арыстарын, қуғын-сүргінге ұшырап құрбан болғандарды ерекше құрметтеп, олар туралы тереңдете оқып-біліп, санасына сіңіруде музейдің алар орны айтарлықтай. Сол замандағы кітапқа енбей қалған тарих беттерін түрлі үгіт-насихат құралы арқылы игеруге атсалыса отырып, Шымкент қаласы, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі ата-бабамыздың басынан өткен оқиғалармен танысып, ой – өрісінің кеңеюіне, тұлғаның үйлесімді дамып, қалыптасуына ықпал ету, ұлтжандылыққа, мәдениеттілікке, тәрбиелеу мақсатында «Қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушылары мен колледж студенттері қаламыздағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандары» мұражайына саяхат жасады. Мұражайда студенттер мемлекет және қоғам қайраткерлерінің және жаппай қуғын-сүргіннің құрбандары болған адамдардың құжаттарымен және ұлы адамдардың суреттерімен танысты. Мұражайдың тағы бір ерекшелігі – тергеу изоляторы. Лагерь заманынан қалған. Карцер, ер адамдар мен әйелдердің камералары, тергеушінің кабинеті, азаптау бөлмесі тұр. Сонымен қатар 1937-1938 жылдарды қазақ елінде болған жаппай репрессияға байланысты деректі фильм көріп және Алаш арыстарының қуғын-сүргінге ұшырап құрбан болған қоғам қайраткерлерінің басынан өткізген тағдырларын білді.
Аталған іс-шара жастардың патриоттық сезімін оятуға, жас буындардың аз да болса еліміздің тарихын танып білуіне ықпал етеді деген ойдамыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *