ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАП, БАТА АЛДЫ
Бүгін, М.Өтебаев атындағы ЖЖТК белсенділері Жастар Ресурстық орталығымен бірлесіп “Birgemiz», «Qamqor» жалпыұлттық жобасы аясында жалғыз басты қарт кісіге барып келді.
88 жасқа толған Бейбісара Аманбайқызы 42 жыл физика мен математиканың мұғалімі болған.
Белсенді жастар құрметті әжемізге азық-түлікпен тәттілер алып барып, ауласында тазалық жұмыстарын өткізіп, қария апамыздың көңілін аулады.
Апамыз батасын беріп, разылығын білдірді!
