ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ
М.Өтебаев атындағы ЖЖТ колледжінде Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Қамқоршылық кеңестің жылдық жоспары бекітілді. Сонымен қатар колледждің комплаенс офицері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кешенді жоспарымен таныстырды және 2022-2023 оқу жылында тәрбие бағыты бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпараттық есеп берілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер Қамқоршылық кеңес тарапынан қолдау тапты.
Қатысқандар: Кеңес төрағасы Усипбеков Толехан Усипбекович және кеңес мүшелері: Калиев Ануарбек Абдешович, Құлшынбай Айдар Еркінбекұлы, Тажибаева Жибек Мухамеджановна, Омарқызы Гүлсара, Тоқтыбай Зада Нұралықызы, Майханов Ғалымжан Тастанович.
Шақырылғандар: М.Өтебаев атындағы ЖЖТК директоры- М.Қ.Утегенов; Колледждің комплаенс офицері- А.Шалдарбеков; Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- А.Ж.Курманбеков.










