17 ҚАРАША – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТЕР КҮНІ!
Бүгін, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің ЖІЖ комитеті және студенттік парламентінің «Мәдениет және өнер» фракциясы «Студенттік шақ» тақырыбында 17-қараша халықаралық студенттер күніне арнап колледж студенттеріне құттықтау концерттік бағдарламасын ұйымдастырды.
Колледж директорының тәрбие ісі жөіндегі орынбасары Құрманбек Асқар Жарқынбекұлы және қалалық жастар орталығының маманы Нұржанова Венера құттықтау айтып, біздің белсенділерді жастар орталығының басшысы Исахов Мағжан Шыңғысұлының алғыс хатымен марапаттады. Іс шара колледждің белсенді, өнерлі жастары әннен шашу шашып, би билеп және домбырасымен куй тартып, колледждің жайдарманшылары студенттердің көңілдерін көтерді.
Марапатталған белсенділер:
• Сейдулла Жасмина Жеңісқызы студенттік парламент президенті
• Курбанбай Мунира Буркитбайкызы экология және еңбек фракция депутаты
• Серікқызы Нұрай қайырымдылық фракция депутаты
• Рысбаева Ақниет өзін-өзітану және бақыт фракция депутаты
• Орынбасар Алнұр Арыстанұлы құқық және тәртіп фракция депутаты
• Қабылбай Жансезім Талғатқы мәдениет және өнер фракция депутаты
Құрметті студенттер мерекелерің құтты болсын!!!








