«БІЗ ТАЛАНТТАРДЫ ІЗДЕЙМІЗ!»
06.11.2023ж күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің жатақханасында тәрбиешілердің ұйымдастыруымен «Біз таланттарды іздейміз!» тақырыбы бойынша студенттерге арналған кеш ұйымдастырылып, өткізілді.
Кештің мақсаты: Өнерпаз студенттерді жинақтап, қай студенттің қандай өнерге бейімі бар екендігін анықтап, студенттерден өнерпаз топ ұйымдастыру.
Студенттердің өнерге деген қызығушылығын арттыру. Студенттерді этика, эстетикаға тәрбиелеу.
Тәрбиеші студенттермен жұмыс жасауда жеңілдіктер туғызу.





