ӘДЕБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ
29 қараша күні М.Өтебаев атындағы ЖЖТК Тілдер кафедрасының апталығы аясында Г.Ш. Еспенбетова және Р.М. Утебаеваның ұйымдастыруымен Дағыстан елінің халық ақыны, Социалистік Еңбек Ері, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Расул Гамзатовтың 100 жылдығына орай «ПЕВЕЦ ЗЕМЛИ РОДНОЙ» тақырыбында әдеби шығармашылық кеш өткізді.
Студенттерге Расул Гамзатовтың өмірбаяны мен шығармашылығы туралы деректермен таныстыру; жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылардың білімдерін арттыру; әдеби оқуға деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу; ақын талантының жан-жақтылығын көрсету; Расул Гамзатовтың өлеңдеріне жазылған әндерді еске түсіру мақсатында өткен іс-шараға 1 курс студенттері қатысты.




