ДЕПУТАТ ДОСАЛИЕВ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ.
Бүгін, М.Өтебаев атындағы ЖЖТК белсенді жастарымен және студенттер активімен Шымкент қаласы маслихатының депутаты, Заң ғылымдарының докторы, ұлағатты ұстаз, «Ауыл ХДПП» Шымкент филиалының төрағасы Досалиев Қанатбек Балтабайұлы еркін форматта кездесу өтті.
Ұлттық құндылықтарды насихаттау негізінде өткен іс-шара барысында тәртіп, білім, салт-дәстүр, мәдениет туралы маңызды мағлұматтар мен келелі әңгімелер өрбіді. Жастар үшін білікті маман иесі болып, өмірден өз орнын табу үшін әрбір ісіңді ұқыпты жасап, көпшілік ортада сөйлеу, дұрыс жүріп-тұру мәдениетін қалыптастыру сынды мәселерге тоқталды. Тұлға болып қалыптасу жолындағы басты талап кітап оқу керек екені баса айтылды.
Сондай-ақ, ұлттық құндылықтарды «ТӨРТ ТАҒАН» деп ұлттық кодты жіктеп берді. Олар:
– Ұлт тілі;
– Ұлт салт-дәстүрі;
– Ұлт мәдениеті;
– Ұлт тарихы.
Осы сияқты көптеген факторларды, мысалдармен келтіріп айтты.
Кездесу соңында студент жастар көкейде жүрген бірнеше сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды.










