«ҚАУІПСІЗДІК БАҒЫТЫ»
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде 05.12.2023 жылы «Сырғалым» қыздар клубы білім алушылар мен Шымкент қаласының жоғары және орта арнаулы оқу орыны «БӘРІ АИТВ/ЖИТС ТУРАЛЫ» тақырыбында бірлесе отырып іс-шара өткізілді.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, өмірге баулу мақсатында әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау жайында айтылды. Сондай-ақ, АИТВ-ның жұғу, оның таралу жолдары мен сақтану шаралары туралы кеңінен мағұлмат берді.
Бізде қонақта:
1. Шымкент қаласының ЖИТС пен күрес орталығының дәрігері – Жургенбаева Назира Матышовна
2. Шымкент қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы маманы -Молдабаева Айжан Мадиханқызы
3. Шымкент қаласының психикалық денсаулық орталығының психиатор нарколог дәрігері – Корганбаева Карлыгаш Жаркынбековна
Ұйымдастырушылар:
Колледждің медбикесі Набатова Ж.К.,
«Сырғалым» қыздар клубының төрайымы Орынбасарова А.О.,
«Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы










