«ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ-ҰЛТ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ НЫШАНЫ»
«Құрылыс» бөлімі СӨ-01-22 тобы мереке қарсаңында «Ұлттық теңге-ұлт тәуелсіздігінің нышаны» атты ашық тәрбие сағатын өтті.
Тәрбие сағатының мақсаты: Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі – ұлттық валюта. Ол – Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Биыл теңгеміздің тарих санасына шыққанына 30 жыл толып отыр. Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі—төл теңгеміздің шығу тарихы, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру. Студенттердің бойына елімізге деген ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту. Студенттерді экономикалық жағдайымызға бейжай қарамайтындай тұлға етіп тәрбиелеу.







