Skip to content

КОЛЛЕДЖІШІЛІК ОЛИМПИАДА ӨТТІ 14.12.2023ж. күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар…

КОЛЛЕДЖІШІЛІК ОЛИМПИАДА ӨТТІ
14.12.2023ж. күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Қоғамдық пәндер» кафедрасының оқытушылары Ғ.Ә.Қошаманова және С.Ж.Тулешованың ұйымдастыруымен «Қазақстан тарихы» пәні бойынша І курс студенттері арасында колледжішілік олимпиада өтті.
Олимпиаданың негізгі мақсаты- студенттердің ел тарихы туралы білім деңгейін арттыру, шығармашылық қабілеттерін анықтау және ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге ықпал ету.
Олимпиада екі турдан тұрды және офлайн режимінде өтті.
I-турда олимпиадаға қатысушылар 45 (қырық бес) минут ішінде 70 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын интернет желісі бойынша орындады.
II-турда– «Алтын адам». (1969ж. Алматы облысы, Есік қорғаны), «Мөде қаған», «Менің отбасымның шежіресі», «мен Шыңғыс хан болсам…», «Қазақ хандығы-ұлт тарихы», «Ақтабан шұбырынды-Ұлт қасірет жылдары» тақырыптарында эссе жазу берілді. (180-200 сөз);
Оқу бағдарламасына сай «Қазақстан тарихы» пәні бойынша өткен колледжішілік олимпиадаға 25 студент қатысып, бақ сынасты.
Олимпиаданың 1 кезеңінде 50 баллдан жоғары жинаған студенттер келесі турға өтті. Ал ІІ кезеңі шығармашылыққа деген құлшыныс, табандылық пен еңбекқорлық біраз балаға оңай алға шығуға мүмкіндік берді.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлдегерлер:
І орын ҚР-01-23 тобының студенті Давренов Давлатбек,
ІІ орын ҚР-01-23 тобының студенттері Жұмабек Асылхан, Әділхан Бақдәулет және СӨ-01-23 тобының студенті Құдайберген Диас,
ІІІ орын ЕТ-01-23 тобының студенті Оралбек Назерке, ЕТ-02-23 тобынан Даулетбаева Мерей және ҚР-01-23 тобынан Жұмабек Асылжан.
Белсене қатысқан студенттер «Алғыс хат» алды.
Әрине олимпиадада жеңімпаздар бар, бірақ жеңілгендер жоқ. Өйткені, әрбір білім сайысы студенттердің білім деңгейінің көтерілуіне елеулі әсер етіп, болашақтағы жоспарларын орындауға тың серпін береді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *