Skip to content

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ-ІЗДЕНДІРУ БИНАРЛЫҚ САБАҒЫ САЙЫС ТҮРІНДЕ ӨТТІ 15.12.2023ж. М.Өтебаев атындағы жоғары…

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ-ІЗДЕНДІРУ БИНАРЛЫҚ САБАҒЫ САЙЫС ТҮРІНДЕ ӨТТІ

15.12.2023ж. М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Қоғамдық пәндер» кафедрасының апталығы аясында 1курс студенттерінің қатысуымен «Туған жер-туған өлкем» тақырыбында сабақтан тыс «Тарих және география» пәнінен шығармашылық-іздендіру бинарлық сабағы сайыс түрінде өтті. Кафедра оқытушылары С.Ж.Тулешова мен Д.Т.Балғабаеваның ұйымдастыруымен өткізілген сабақ жастардың бойында өз Отанына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін қалыптастырумен бірге студенттерге туған өлке тарихы мен географиялық орны, халқы туралы мәлімет берумен қатар, туған өлкесінің тарихын, мәдени мұраларын, тарихи құжаттарын зерттеуге баулу және Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары Оңтүстік өңірінен шыққан батырлар ерлігін, ұлы тұлғалар өнегесін үлгі етуді мақсат етті.
Аталған іс-шараға ЕТ-01-23 топ студенттері атынан «Нұрлы Болашақ» тобы,
ҚР-01-23тобынан, «Рухани жаңғыру» тобы, АЖ-03-23 топ студенттерінен «Мәңгілік ел» тобы, ДИ-01-23 топ студенттерінен құралған «Мәдени мұра» топтары өзара сайысқа түсті. Сабақ барысында «Тарихы терең, тамыры кенен – Түркістан өңірі!», «Сәулеті келісті, дәулеті өрісті-Оңтүстік», «Келешегі кемел-Қазақстан» атты кезеңдерде Түркізтан облысының бүгінгі ұрпаққа жетіп отырған тарихи-мәдени орындарының тарихын, мәдениетін және Оңтүстік аудандарының тарихы мен қазіргі жағдайы, яғни әлеуметтік-экономикалық дамуымен таныстырып, болашақтағы Қазақстанды елестету бойынша шығармашылық жұмыстарын зерттеп, қорғады. Сайыс соңында өздерінің шығармашылық-зерттеулері бойынша І орынды «Құрылыс» бөлімі, ҚР-01-23 топ студенттерінің «Рухани жаңғыру» тобы, ІІ орынды «Есептеу техникасы» ЕТ-01-23 топ студенттерінің «Нұрлы Болашақ» тобы, ал ІІІ-орынды «Ақпараттық жүйелер» және «Құқық және салалық мамандықтар» бөлімдерінің АЖ-03-23, ДИ-01-23 топ студенттерінен құралған «Мәңгілік ел» және «Мәдени мұра» топтары өзара бөлісті. Сонымен қатар белсене қатысқан студенттер де марапатталды.
Қорыта айтқанда, туған өлкеміздің тарихын, мәдени мұраларын, тарихи құжаттарын шығармашылық зерттеу сабақтары алдағы уақытта жиі ұйымдастырылады деген ойдамыз.

#MOtebaev_atyndagy_JJTK
#адалдықсағаты
#антик

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *