Skip to content

«ТАРИХ ПЕН ТІЛ ТАМЫРЛАС» Ашық тәрбие сағаты 13.12.2023ж. күні М.Өтебаев…

«ТАРИХ ПЕН ТІЛ ТАМЫРЛАС»
Ашық тәрбие сағаты
13.12.2023ж. күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Ақпараттық жүйелер» бөлімі, АЖ-02-22, АЖ-04-22 топ тәлімгерлері Ш.Дауреханова мен А.Досаеваның ұйымдастыруымен «Жеткіншектің жеті жарғысы» жобасы аясында «ТАРИХ ПЕН ТІЛ ТАМЫРЛАС» атты ашық тәрбие сағаты өтті.
Тіл – қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар қоғамның рухани өзегі, халықтардың тарихы мен мәдениетінің негізі болып табылады.
Мақсаты – Қазақстан аумағында тұратын өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау, ұлттық құндылықтарға, мәдениет пен тарихқа деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
Іс-шара барысында қазақтың қанына да, жанына да айналған –тарих пен тіл ажырағысыз екі элемент тәрізді екенін және бір-бірінсіз өмір сүре алмайтындығын, тілді білген адам қашан да тарихқа тереңдейтіні туралы айтып өтті.
Тіл тарихы – ел тарихы, тіл тағдыры – ел тағдыры. Себебі, еліміз бен тіліміз болашақ үшін бірнеше тарихи бұралаңдар мен шатқалдардан адаспай, сүрінбей өтіп мақсатымызға жеттік.
Мемлекеттік тіл ел тарихының жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген ұлт зиялысы Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасын қаперімізден шығармайық!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *