Skip to content

ЖАМАН ҚЫЛЫҚТАРДАН АУЛАҚ БОЛ! М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде…

ЖАМАН ҚЫЛЫҚТАРДАН АУЛАҚ БОЛ!

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде жатақханада «Сырғалым» қыздар клубының төрайымы А.О.Орынбасарова, жатақхана тәрбиешісі А.Мусабек және колледж медбикесі Ж.К.Набатованың ұйымдастырымен 16.01.2024ж күні «Жаман қылықтардан аулақ бол!» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты: Жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескерту. Зиянды әдеттерге темекі, алкоголь (ішімдік), есірткі заттар жатады. Бұл заттарды ұзақ уақыт, ал кейде тіпті аз ғана уақыт пайдаланғанда организмде психикалық және тәндік тәуелділік дамиды. Зиянды заттарға әуестенудің барлық түрі ақырында ауыр науқасқа шалдықтырады. Бұл аурулар ұзақ әрі арнайы емдеуді қажет етеді. Адам зиянды заттарды пайдаланудан сақтану үшін олардың кейінгі зардаптарын білу керек.
Бізде қонақта:
1. Байдуллаев Тимур Батырұлы – «Студенттік емхана» ЖШС меңгерушісі,
2. Кыпшакбаев Рауан Мухитулы – Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ бөлім басшысы,
3. Сагындыкова Палжан – ШЖҚ Психикалық денсаулық орталығының нарколог-дәрігері.
Іс-шараға арнайы келген қонақтарымыз білімгерлерді сөзге тартып, өздерін ойландырып жүрген сұрақтарын ортаға салуға мүмкіндік бере отырып кәмелет жасына толмаған ұл қыздардың аяғын андап басудың басты алғы шарттарымен таныстырды. Ерте жастағы жүктіліктің ең алдымен денсаулығына кесірін тигізсе, болашағына балта шабатыны турасында түсіндіріп өтті.
Білімгерлер бос уақытын тиімді пайдалану, жасөспірімдер арасында суицид теріс ағымдағы діндер қылмыстық оқиғалардың, құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша мәселелер қозғалып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтатын болсақ бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.
Кездесуде жастар арасындағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимылды жүргізу және жастар арасында синтетикалық есірткілердің таралуының, пайдаланудың алдын алу. Нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері айтылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *