БОС УАҚЫТЫҢЫЗДЫ ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕСІЗ?
«Оқуға құштар колледж» тұжырымдамасы аясында колледж кітапханасында 2024 жылғы 15-19 қаңтар аралығында «Демалыста кітап оқимын» атты акция ұйымдастырылды.
Кітапханашылар оқу залында «Ең көп оқылатын кітаптар», «Хочешь быть модным-читай!», «Әр адам оқуы керек кітаптар» атты кітап көрмесін дайындап, Мобильді кітапхана, QR кодтары арқылы кітап оқу туралы айтып берді. Акцияға 1-2 курс студенттері қатысты. Кітап көрмесіне отандық және шетел классиктерінің, заманауи авторлардың шығармалары қойылды. Көрме жастарға шығарманы саналы түрде таңдауға, оқуға деген қызығушылықты оятуға, классикалық және заманауи әдебиеттерді талдауға және салыстыруға, оқуды жүйелеуге көмектеседі деп үміттенеміз.






