Skip to content

СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ Бүгін, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа…

СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде ЖІЖК-нің және студенттік парламентінің кезекті кеңейтілген жылды қортындылау отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. Депутаттар есебі (атқарылған жұмыстары)
2. «Ерлік ұмытылмайды» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу іс – шарасын талқылау, жоспарлау
3. Әртүрлі мәселелер
Отырыстың алғашқы сөзін ЖІЖК-нің төрағасы Жасулан Советбекұлы алып алдымен жастарды жаңа жылмен, марапатталған үздік студенттерді құттықтай отырып атқарған еңбектеріне және тәрбие берген ата-аналарына алғысын білдірді. Сондай-ақ, күн тәртібінде тұрған мәселемен таныстырды. Бірінші мәселе бойынша студенттік парламентінің фракция депутаттарына сөз берді. Депутаттар өткізген іс-шаралары жайлы мағлұмат беріп, қандай кемшіліктер және студенттерге қандай әсері болғандығы жайлы баяндады.
Екінші мәселе бойынша студенттік парламент президенті Жасмина Жеңісқызы сөз алып алдағы «Ерлік ұмытылмайды» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесуге дайындықпен бөлісіп, алдағы мақсаттарды айтты.
Жиналыс соңында төраға студенттерге демалысты жақсы өткізулерін тілеп, демалыстан кейін барлық жұмыстарды жоспарға сәйкес уақытында орындалуын тапсырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *