ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
2024 жылдың 24 қаңтарында М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Жалпы білім беру бағытындағы құзіреттерді қолдану тиімділігі» тақырыбында ТжКББ ұйымдарының жалпы білім беру пәндерінің педагогтарына арналған қалалық семинар өтті. Мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жаңа білім, дағдылар мен құзіреттер алу, жаңа тәжірибені тарату, біліктіліктерін арттырған педагогтардың өзара тәжірибе алмасуын, қамтамасыз ету.
Семинарға қалалық білім басқармасы әдістемелік орталықтың әдіскері Исаева Ақерке Сәрсенбекқызы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББ Педагогикалық шеберлік орталығының тренері Сапарбаева Замира Абдикадировна, ТжКББ ұйымдарының жалпы білім беру пәндерінің 130-ға жуық педагогтары қатысты. Семинар офлайн, онлайн форматында өтті.
«Жаңаша оқыту-жетістік көзі» тақырыбында колледждің «Жалпы білім беру» кафедрасының педагогтары: педагог-шебер Абикенова Айман Текенқызы, педагог-сарапшы Мауленова Жібек Жаңабайқызы, педагог-зерттеуші Досаева Асия Қуатбекқызы, педагог-модератор Бөлетова Нурзия Абілхайымқызы, «Преподавание русского языка и литературы: фокусы и стратегии» тақырыбында «Тілдер» кафедрасының педагогтары педагог -зерттеуші Алиева Рахат Бахтияровна, педагог-модератор Еспенбетова Гульжан Шекербековна, «Оқыту мен оқу үдерісін жақсарту мақсатында Lesson study әдісін пайдалану» тақырыбында «Тілдер» кафедрасының жоғары санатты педагогы Жананова Ализа Мухаметхалиевна өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинар өте жоғары деңгейде өтті. Семинар соңы педагог, әдіскерлердің пікіралмасуымен ұласты.
Білім сапасын арттыруға негізделген оқытудың тиімді әдістерін қолдану арқылы педагогтарды шабыттандырды.










