ПАРЛАМЕНТТІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ
09.02.2024 жылы М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде ЖІЖК-нің және студенттік парламентінің кезекті кеңейтілген отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. Депутаттардың екінші жарты жылдыққа атқаратын жұмыстары жайлы ақпарат беру.
2. «Ерлік ұмытылмайды» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу іс – шарасын талқылау және нақтылау.
3. Әртүрлі мәселелер
Отырыстың басында студенттік парламентінің президенттінің міндетін уақытша атқарушы Алнур Арыстанұлы сөз алып, жиналыстың алғашқы сөзін ЖІЖК-нің төрағасы Жасулан Советбекұлына берді. Өз кезегінде төраға студенттерді демалысты жақсы өткізіп енді алдағы 2-ші жарты жылдыққа дайындықтарың жақсы шығар себебі алда атқаратын жұмыстар көп деп, күн тәртібінде тұрған мәселемен таныстырып, бірінші мәселе бойынша студенттік парламентінің фракция депутаттарына сөз берді. Депутаттар өткізген алдағы жоспарлары жайлы баяндады.
Екінші мәселе бойынша студенттік парламентінің «Мәдениет және өнер» фракциясының депутаты Қабылбай Жансезім сөз алып алдағы «Ерлік ұмытылмайды» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесуге дайындықпен бөлісіп, алдағы мақсаттарды айтты. Сонымен қатар «Мәдениет және өнер» фракциясының мүшелері АЖ-02-23 тобының студенті Баймаханова Зейнеп және АЖ-04-22 тобының студенті Калмурзаев Асылжан іс–шара бойынша өз ойларын айтты.
Үшінші мәселе бойынша төраға барлық белсенді студенттерге колледждің ішкі тәртібіне мұқият болуды тапсырды, себебі сендер яғни белсенді студенттер колледждің барлық студенттеріне үлгі екендіктеріңді ұмытпауларың керектігін айтты. Жиналыс соңында төраға студенттерге барлығы жоспарға сәйкес уақытында орындалуын тапсырды.
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#oku_agartu
#talap_tvet
Прокуратура Шымкент
Шымкент Қаласының Полиция Департаменті
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
#oku_agart
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#MeninQazaqstanym
#құқықбұзушылыққақарсымын
#қалапрокуроры
#MOtebaev_atyndagy_JJTK
#адалдықсағаты
#антикор
#бүгінбіздеқонақта
#оқуғақұштармектеп
#өзінөзібасқару_шымкент
#студенттік_парламент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы
#шымкенттәрбиеәдістемелікорталық
#қосымшабілімберу
#тәрбиежән





