«БОЗБАЛА МЕН БОЙЖЕТКЕН»
Байқау
М.Өтебаев атындағы ЖЖТ колледжінде 2024 жылғы 30-сәуір күні «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» ғашықтар күні мерекесіне орай «Бозбала мен Бойжеткен» атты тақырыпта бөлімаралық байқау болып өтті.
Жастардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген құштарлығын арттыру, талантты және дарынды жастарға қолдау көрсету мақсатында өткен іс-шара келесідей бөлімдерден тұрды. Олар:
– Таныстыру (еркін тақырыпта таныстыру);
– «Тосын сый» салт дәстүрге байланысты сұрақ –жауап;
– «Ел мақтаған жігітті, қыз жақтаған» үй тапсырмасы;
– «Нұрлы талант» жұптар өз өнерін көрсету;
– «Қазақтың салтын, сақтаған көркем…» ұлттық салт-дәстүрден қойылым (қазақи нақышта болуы шарт)
«Ұлағат» ата-аналар комитетінің жетекшісі А.Ахинова мен колледж аға тәлімгері Т.Каюпова ұйымдастырған байқау қорытындысы бойынша орындар:
Бас жүлде – «Құқық және салалық мамандықтар» бөлімі Өтеген Нұрлан Мұхтарұлы және Турсун Әсем Қайратқызы;
І орын – «Құрылыс» бөлімі Дүйсенбеков Бекзат Ерланұлы және Абитова Айгерім Ильясқызы;
ІІ орын – «Ақпараттық жүйелер» бөлімі Арыс Дәурен Ғаниұлы және Баймаханова Зейнеп Серікқызы;
ІІІ орын – «Техникалық» бөлімнің атынан шыққан Махаматәлі Қыдырәлі Нұрматұлы және Оспан Балнұр Нұрашбекқызы;
Ұлттық құндылығымызды дәріптеу мақсатында болып өткен байқау өте қызықты әрі тартысты болып өтті.
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#oku_agartu
#talap
#типо
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#құқықбұзушылыққақарсымын
#MOtebaev_atyndagy_JJTK
#адалдықсағаты
#бүгінбіздеқонақта
#оқуғақұштармектеп
#өзінөзібасқару_шымкент
#студенттік_парламент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы
#шымкенттәрбиеәдістемелікорталық
#қосымшабілімберу
#тәрбиежәнеқұндылыққабаулу
#менбуллингкеқарсымын
#тәрбие_құндылық_бөлімі
#қосымшабілімберуорталығы
#біртұтастәрбие








