Skip to content

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ Семинар өтті 16.05.2024ж күні Шымкент…

ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУ
Семинар өтті

16.05.2024ж күні Шымкент қаласы білім беру ұйымдары, атап айтқанда – «Парасат», «Политехникалық коллдежі» МКҚК, «М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» МКҚК, «Болашақ» жоғары колледжі», «Авиценна» жоғары медициналық колледжі, М.Тынышпаев атындағы Шымкент көлік колледжі, «Шымкент медицина» колледжі, Жол-көлік колледжі тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруы және Жастар ресурстық орталығының қолдауымен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қалалық «Құқықтық тәртіп» бойынша семинар өтті. Кәмелет жасқа толмаған жастардың арасында қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында семинарда:

1. Шымкент қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы – Ақшораев А.О;
2. Шымкент қаласы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры – Карбеков Б.;
3. Шымкент ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы Ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция подполковнигі – Бекенов Ш.;
4. Шымкент қаласының Полиция Департаментінің Киберпол бөлімінің топ жетекшісі Жұмабай Н.;
5. Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің Аутрич және NEET жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы – Кыпшакбаев Р.М.
студенттерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс шара барысында «Нашақорлық пен наркобизнес», «Кибералаяқтық пен киберқауірсіздік» туралы бейнероликтер көрсетілді. Нашақорлыққа қарсы полиция құрылымының иісшіл итінің жұмысының фрагменттері көрсетілді. Семинар барысында жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығы артырылып, шара қызықты өтті.
Іс шарада қала колледждің үздік студенттері: үздік спортшы ретінде «М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі»-нің 2 курс студенті, «Панкратион» спорт түрінен Қазақстан республикасының чемпионы Бектас Ильяс Нұрланұлы; үздік пікірсайысшы ретінде Болашақ жоғары колледжі БББ-9г-22 тобының 2-курс студенті Қасым Диана құрбыларына салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден аулақ болып, әр жасөспірім өзінің жарқын болашы үшін қажымас еңбек етіп, еліміздің дамуына үлес қосуға шақырды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *