Skip to content

ТҮЛЕКТЕРГЕ 42 ЖЫЛ «Гидромелиорция» мамандығының түлектерімен кездесу (1978-1982жж) М.Өтебаев атындағы…

ТҮЛЕКТЕРГЕ 42 ЖЫЛ
«Гидромелиорция» мамандығының түлектерімен кездесу (1978-1982жж)

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде 2024 жылдың 18-мамырында 1978 жылы «Гидромелиорция» мамандығына оқуға түсіп, 1982 жылы бітірген бір топ түлектер бас қосты. Ресейден, Астана, Атырау, Ақтөбе, Түркістан облыстарынан келген түлектер бүгінде «Гидромелиорция» мамандығының майталмандарына айналған.
Оқу орнын бітіргендеріне 42 жыл болған түлектер өздерінің тәлімгері Досанова Жанат Калкозовнаны қуанышпен қарсы алып мәре-сәре болып қалды. Биыл елімізде су шаруашылығы мамандарына деген сұраныстың артқанын, әрі колледждің құрылғанына 55 жыл толу мерейтойы қарсаңына орайластырылып өткізілген кездесудің жастарға берері мол болды. Маман ретінде адал еңбектің зейнетін көріп, білікті мамандардан алған білімі мен тағылымы мол тәрбиесі – өмір бойына азық болғанын мақтанышпен баяндады. Түлектер колледждің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, өздері оқыған дәрісханаларды аралап, жоғары бағасын берді, колледж басшысы Утегенов Мусахан Калаубекұлына алғыстарын білдірді. Колледж мұражайымен танысты. Өздерінің оқуға қабылданған бұйрықтары, студент кезіндегі суреттерден құралған бейнебаянмен танысып, естеліктерімен бөлісті. Кездесу есте қаларлықтай өте тартымды өтті. Біз ардагер ұстаздарымыз – Шайзада Жұмашұлына, Жанат Калкозовнаға алғысымызды білдіреміз!

#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#oku_agartu
#talap
#типо
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#құқықбұзушылыққақарсымын
#MOtebaev_atyndagy_JJTK
#адалдықсағаты
#бүгінбіздеқонақта
#оқуғақұштармектеп
#өзінөзібасқару_шымкент
#студенттік_парламент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы
#шымкенттәрбиеәдістемелікорталық
#қосымшабілімберу
#тәрбиежәнеқұндылыққабаулу
#менбуллингкеқарсымын
#тәрбие_құндылық_бөлімі
#қосымшабілімберуорталығы
#біртұтастәрбие

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *