ЖАҚСЫ ОҚЫТУШЫ, МЫҚТЫ СПОРТШЫ ЕДІ …
М.Өтебаев атындағы ЖЖТК-де ұзақ жылдар бойы «Дене тәрбиесі және АӘД» кафедрасының оқытушысы қызметін атқарып келген, танымал спортшы Приказчиков Леонид Иванович мезгілсіз дүниеден өтті.
Колледж ұжымы Леонид Ивановичтің отбасына және жақын-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз.
Ол, аталған колледжде 1979 жылдан бастап қызмет атқарып келді.
Жетістіктері:
1975 жылы дзюдо күресі бойынша спорт шебері;
1977 жылы самбо күресі бойынша СССР спорт шебері;
1978 жылы қазақша күрестен КазССР спорт шебері.
Казакстан және бүкілодақтық турнирлердің бірнеше дүркін чемпионы.
2003 жылы Қазақстанның қазақша күрестен ардагерлер арасындағы I
спартакиадасына 3-ші орынды жеңіп алды.
2004 жылдан бастап жыл сайын самбо және қазақша күрес спорт түрлерінен Қазақстан чемпионатында үнемі жүлделі орынды иеленіп келді.
Әлемдік чемпионаттарда:
2004 жылы ардагерлер арасында Тәжікстанның Турсун Заде қаласында өткен самбодан әлемдік чемпионатта 2-ші орынды иеленді.
2005 жылы самбо күресі бойынша ардагерлер арасында Чехиянын Прага қаласында өткен әлемдік чемпионатта 3-ші орын;
2006 жылы Ташкент қаласында өткен әлемдік чемпионатта 1-ші орын;
2007 жылы Грецияның Солоники қаласында өткен әлемдік чемпионатта 3-
ші орын;
2008 жылы Белорусиянын Логойск қаласында өткен әлемдік чемпионатта 2-
ші орын;
2009 жылы қазан айында Литванын Каунас қаласында өткен әлемдік
чемпионатта 3-ші орын;
2010 жылы самбо күресі бойынша спорт шеберлері арасында Чехияның
Прага қаласында өткен әлемдік чемпионатта 1-ші орын;
2011 жылы Грециянын Каликратия қаласында самбо күресі бойынша спорт шеберлері арасында өткен әлемдік чемпионатта 3-ші орын;
2011 жылы Германиянын Франкфурт қаласында өткен дзюдодан әлемдік
чемпионатта 1-ші орын;
2012 жылы самбо күресі бойынша спорт шеберлері арасында Марокконың Касабланка қаласында 2-ші орынды иеленді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталды.
2011 жылы Ресей, Белорусия, Украина, Қазақстан елдерінің халықаралық энциклопедияға аты жазылды. 2012 жылы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алды.
Л.Иванович өмірінің соңына дейін бұқаралық спорт пен тауға шығу спортын жанына серік еткен жан еді






