TEDx ФОРМАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін, Шымкент қаласының атақты спортшылары, көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы Сманов Нұржан Дініқұлұлы және бокстан әлем чемпионы Жақыпов Біржан Жақыпұлы мен М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледж студенттерінің TEDx форматында кездесуі өтті.
Келген қонақтар жастарға өздерінің спорттық өмірлері туралы қызықты әңгіме айтып, салауатты өмір салтын насихаттап, өмірде биік мақсат қойып соған жету үшін тынбай еңбек етуге шақырды.
1. Сманов Нұржан Дініқұлұлы – бокстан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, Қазақстанның 6 дүркін чемпионы. КСРО-ның 5 дүркін чемпионы, Европа чемпионы, Әлем біріншілігінің күміс және қола жүлдегері, халықаралық Достық турнирінің (жасөспірімдер арасында Олимпиаданың) чемпионы, Азия және Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, АҚШ-та Атлантада өткен Олимпиада ойындарына қатысушы, 1994-1999 жылдары бокс құрамасының капитаны, КСРО-ның 2 рет, Европа және Азия ойындарының ең үздік боксшы атанған.
2. Жақыпов Біржан Жақыпұлы – ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, бірнеше рет Қазақстанның чемпионы, Әлем чемпионы, Азия ойындарының 2 дүркін күміс жүлдегері, Әлем кубогының қола жүлдегері, 3 рет олимпиада ойындарына қатысушы.
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#oku_agartu
#talap
#типо
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#құқықбұзушылыққақарсымын
#MOtebaev_atyndagy_JJTK
#адалдықсағаты
#бүгінбіздеқонақта
#оқуғақұштармектеп
#оқуғақұштарколледж
#өзінөзібасқару_шымкент
#студенттік_парламент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы
#шымкенттәрбиеәдістемелікорталық
#қосымшабілімберу
#тәрбиежәнеқұндылыққабаулу
#менбуллингкеқарсымын
#тәрбие_құндылық_бөлімі
#қосымшабілімберуорталығы
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas








