«ШОТТАР ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ЕКІ ЖАҚТЫ ЖАЗУ»
Ашық сабақ өтті
2024 жылдың 30 қыркүйек күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі «Бухгалтерлік және экономика пәндер» кафедрасының оқытушысы К.Т.Жайыкова «КМ.1 бастапқы құжаттармен жұмыс және олардың қозғалысын бақылау» модулі бойынша «Шоттар жүйесі және екі жақты жазу» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Білім беруді ізгілендіру технологиясы, екі жақты жазу тәсілін тиімді пайдаланып, тақырыпты өткен сабақтармен байланыстыра отырып, студенттердің білімін пысықтады.
Студенттерге бухгалтерлік есеп әдісінің элементі екі жақты жазу әдісімен жұмыс жасауды және соған сәйкес шоттар корреспонденциясын дұрыс беруді, қаржылық есеп шоттарын ашуды, операцияларда бейнелеу тәртібін үйретті. Білім биржасы мен сергіту сәтінің тапсырмалары студенттерді қызықтырды.
Алған білімдерін жан-жақты дамытып, оларды қолдана білуге, машықтандыра отырып, ізденушілік қабілеттерін дамытты. Орындалған тапсырмалардың нәтижесіне сай сабақты қорытындылап, білім алушыларды https://college.snation.kz/kz/tko порталында бағалады.
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#oku_agartu
#talap
#типо
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#құқықбұзушылыққақарсымын
#MOtebaev_atyndagy_JJTK
#адалдықсағаты







