Skip to content

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтарының…

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Президент «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауында: «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Бұл «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады.
Жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеру–қоғамда еңбек адамының қадірін арттыру, оның кәсіби біліктілігін шыңдау, жұмысшы қарым-қабілетін жан-жақты бағалау арқылы жүзеге асатын сан салалы үдеріс. Бұл міндетті шешу үшін кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру, біліктілікті арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекақы мен әлеуметтік кепілдіктерді көбейту, жұмысшы мамандықтарын жаңарту, мән-маңызын кеңінен насихаттау, мемлекеттік, қоғамдық, жергілікті деңгейде қолдау көрсету сынды кешенді іс-шараларды жүйелі жүргізу, қапысыз атқару қажет.
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжіне
«Жас маман» жобасымен жоғарыда айтылған мамандықтарға кәсіптік модульдер бойынша оқыту үшін қажетті құрал-жабдықтар алынды. Оқу практикаларында осы айтылған құрал-жабдықтармен студенттер жұмыс жасап үйреніп, соңынан қалалық, облыстық, республикалық чемпионаттарға қатыса алады.
07320100-«Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы студенттері қалалық, өңіраралық және республикалық «Worldskills» чемпионатына «Плитка қаптау», «Кірпіш қалау», «Құрғақ әдіс және сылақ жұмыстары» құзыреттіліктері бойынша 07310100–«Архитектура» мамандығы бойынша «Инженерлік графика CAD» құзыреттілігі бойынша, ал 07310400 – «Азаматтық ғимараттарды жобалау, қалпына келтіру және қайта құру» мамандығы студенттері «Сырлау және сәндік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша қатысуда.

#Жұмысшымамандықтаржылы
#Еңбекадамы
#enbekadamy
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#oku_agartu
#talap
#типо
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *