Skip to content

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ: БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ ЖАСА! 30 қаңтар 2025…

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ: БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ ЖАСА!

30 қаңтар 2025 жылы Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің «Бухгалтерлік және экономикалық пәндер» кафедрасының оқытушысы Жайықова К.Т. Шымкент қаласының білім басқармасының «№45 мектеп-гимназиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, колледждің құрылымен, дайындалатын мамандықтармен, колледжге түсу тәртібі мен әлеуметтік серіктестермен таныстырып шықты.
Әрбір жасөспірім үшін кәсіби жолды таңдау – маңызды шешім. Колледж мектеппен бірге оқушыларға өздерінің қызығушылықтары мен қабілеттеріне сәйкес келетін мамандықты таңдауға көмектеседі. Кәсіби бағдар беру жұмысы арқылы біз оқушыларға болашақта табысты әрі бақытты болу үшін дұрыс қадам жасауға бағыт береміз.
Кәсіби бағдар беру жұмысы оқушылардың болашаққа деген сенімділігін арттырады, оларды дұрыс бағытта дамытып, өзінің арманы мен мақсатын табуға көмектеседі. Өз жолын дұрыс таңдау үшін кәсіби бағдар берудің маңызы зор!

@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#Еңбекадамы
#enbekadamy
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#жұмысшыларжылы
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *