Skip to content

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ: БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ ЖАСА! 31 қаңтар 2025…

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ: БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ ЖАСА!
31 қаңтар 2025 жылы Манап Өтебаев атындағы ЖЖТК «Бухгалтерлік және экономикалық пәндер» кафедрасының оқытушысы Кемпрекова Эльмира Ускенбайқызы Шымкент қаласының білім басқармасының «Т.Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.
Мектептің 9 сынып оқушыларын колледжде дайындалатын мамандықтар мен олардың ерекшеліктері, абитуриенттерді қабылдау тәртібі туралы ақпараттармен таныстырды. Сондай-ақ, болашақта қандай мамандықтарға сұраныс жоғары екенін, еңбек нарығында қандай өзгерістер болатынына да тоқталып өтті.
Мектепте кәсіби бағдар беру жұмыстары – оқушыларды болашақ мамандықтарына бағыттап, олардың кәсіби қызығушылықтарын анықтау және дамытуға арналған маңызды қадам. Бұл жұмыс оқушылардың өз қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес дұрыс мамандық таңдауына көмектеседі. Үгіт насихат жұмысының соңында мектеп оқушыларына таратпа материалдар тарқатылды.

@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#Еңбекадамы
#enbekadamy
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#жұмысшыларжылы
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *