МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА КӘСІБИ БАҒДАР БЕРІЛДІ
Манап Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде даярланатын мамандықтарды жарнамалау, насихаттау мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстары жүргізілуде.
Мектептердегі кәсіби бағдар беруге арналған бұрыштардың ақпараттық материалдарын жаңарту бойынша «Бағдарламалау және ЕТ» кафедрасының оқытушылары Н.Алибекова, Ж.Дайрабекова, Д.Сапархан, А.Хамзина және А.Манатай №128, №118, №119, №126, №127 мектептерге барып насихат жүргізді. Мектептегі кәсіби бағдар беру жұмысы оқушылардың болашақтағы кәсіби жолын таңдауда маңызды рөл атқарады. Бұл жұмыс оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға, олардың саналы түрде мамандық таңдауына және кәсіби өсуіне ықпал етеді.
@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#жұмысшыларжылы
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
