Skip to content

ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «OŃTÚSTIK» ТЕЛЕАРНАСЫНА ТІКЕЛЕЙ ЭФИРГЕ ШЫҚТЫ Шымкент қаласы «OŃTÚSTIK»…

ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «OŃTÚSTIK» ТЕЛЕАРНАСЫНА ТІКЕЛЕЙ ЭФИРГЕ ШЫҚТЫ

Шымкент қаласы «OŃTÚSTIK» телеарнасы «Таң нұры» бағдарламасында М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Кендирбаев Сейілхан Сайыпназарұлы қонақта болып, тікелей эфирде сұхбат берді.
Сұхбат барысында, Мемлекет басшысының 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялауы туралы ой бөлісті:
Президенттің бұл бастамасы техникалық және кәсіптік білім беру саласы үшін жағымды жаңалық, үлкен қолдау болғанын айтты. Техникалық және кәсіптік білімнің беделін арттыру, сұранысқа ие мамандықтарға басымдық беріп отыр, еңбек нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру, еңбек адамына деген құрмет көрсету, т.с.с. мәселелерге тоқтала отырып, бұл жыл «Адал еңбек – Адал табыс» жобасына бағытталған деді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының нақты тапсырмалары мен Үкіметте арнайы құрылған жоспарға сәйкес, ауқымды шаралардың бірі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Астана қаласы «ЕХРО Халықаралық көрме орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтеді.
Бүгінгі цифрландыру заманында жасанды интеллекттің рөлі, пайдасы мен зиянды жағын да тілге тиек ете отыра, әр маман өз ісінің шебері болуы керек екені туралы да айтып өтті.
Жұмысымыз берекелі, еңбегіміз жемісті, болашағымыз жарқын болсын!
Әрбір азамат өз ісінің шебері болып, мақтанышпен еңбек етсін!

@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#Еңбекадамы
#enbekadamy
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#жұмысшыларжылы
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *