СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
04.02.2025 жылы М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде ЖІЖК-нің және Студенттік парламенттің екінші жарты жылдықтағы алғашқы отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
1. Жаңадан тағайындалған депутаттарды таныстыру;
2. Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығуына 36 жыл толуына орай «Ерлік ұмытылмайды» атты кездесуді жоспарлап, талқылып, ұйымдастыру;
3. Әртүрлі мәселелер.
Отырыстың алғашқы сөзін ЖІЖК-нің төрағасы Жасулан Советбекұлы алып күн тәртібінде тұрған мәселемен таныстырып, бірінші мәселе бойынша «Құқық және тәртіп» фракция депутаты ҚР-01-23 тобының студенті Жұмабек Асылханды, «Экология» фракциясы депутаты ҚР-01-23 тобының студенті Мухтаров Сұлтанмурадты, «Қайырымдылық» фракциясы депутаты АЖ-03-23 тобының студенті Абдіқадыр Анельяны таныстырып, жаңа қызметтерімен құттықтап, сәттілік тіледі.
Өз кезегінде депутаттар аянбай еңбек ететіндерін және сенімді ақтайтындарын айтты.
Парламент президенті сөз алып екінші мәселе бойынша жоспарларымен бөлісіп, сонымен қатар парламент мүшелеріне алдағы өтілетін шаралар туралы ойларын, ұсыныстарын айтуды сұрады және бұл іс-шаралардың маңыздылығын айтып өтті.
Сонымен қатар фракция депутаттарының жұмыстары туралы есептерін тыңдады. «Мәдениет және өнер» фракциясының депутаты Ирисматова Мавлюда аталған іс-шараларға қойылатын нөмірлер жайлы өз ұсынысын айтып, барынша дайын болатынын жеткізді.
Жиналыс соңында төраға белсенділерге сәттілік тіледі және барлығы жоспарға сәйкес уақытында орындалуын тапсырды.
@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#Талапкер2025
#өзінөзібасқару_шымкент
#студенттік_парламент
#тәрбиешымкентбілімбасқармасы
#шымкенттәрбиеәдістемелікорталық
#қосымшабілімберу
#тәрбиежәнеқұндылыққабаулу
#тәрбие_құндылық_бөлімі
#қосымшабілімберуорталығы
#біртұтастәрбие
#шымбіртұтас
#shymbirtutas
