«САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ»
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде аға куратор Б.А.Калганбаева мен колледж медбикесі Ж.К.Набатованың бірлесе ұйымдастырымен 10.02.2025 жылы 1-4 курстар арасында, сағат 16:00-де «Салауатты өмір салтын қалыптастыру және жұқпалы аурулардың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізу бағытында іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты:
Студенттердің денсаулығын нығайту, аурулардың алдын алу, өмір сапасын жақсарту, дене белсенділігін арттыру және дұрыс тамақтану мен зиянды әдеттерден (темекі шегу, алкоголь тұтыну және т.б.) бас тартуға шақыру. Бұл іс-шаралар жұқпалы аурулардың таралуын тоқтатып, қоғамның денсаулығын сақтауға бағытталған. Сонымен қатар, бұл шаралар халық арасында санитарлық-гигиеналық білімді арттыруға және аурулардан сақтану жөнінде тиімді ақпарат таратуға көмектеседі.
Бізде қонақта:
«Студенттік емхана» ЖШС жалпы тәжірибелі дәрігері – Бүркітбаев Қазыбек Асылханұлы
@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#Еңбекадамы
#enbekadamy
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#жұмысшыларжылы
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы



