Skip to content

ІТ САЛАСЫНДА МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі…

ІТ САЛАСЫНДА МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі директорының ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Кендирбаев Сейілхан Сайыпназарұлы заманауи ақпараттық технологиялардың қолдану кеңістігі мен негізгі мүмкіндіктерін таныстыруға арналған мастер-класс өтті.
Мемлекет басшысының 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялауы – бұл техникалық және кәсіптік білім беру саласы үшін жағымды жаңалық, үлкен қолдау болды.
Бүгінде қоғамның алға қарай қарыштап дамуындағы, өркениет көшіне ұмтылысындағы, кез-келген саласындағы заманауи кеңістікті цифрландыру деген ұғымсыз елестете алмаймыз.
Соның ішінде оқу үдерісінде кеңінен қолданылатын заманауи үлгідегі интерактивті панелдер, компьютерлер, 3D принтерлер мен моноблоктарды және т.б. пайдалану аясын түсіндіріп өтті.
Осы орайда айта кететін жағдай, соңғы екі жылда тағы да 8 компьютерлік дәрісхана, 4 жалпы білім беру дәрісханалары, т.с.с. бірқатар дәрісханалар соңғы үлгідегі ақпараттық техникалар мен компьютерлік перефериялық құрылғылармен жабдықталды.
Әр маман өз ісінің шебері болуы керек. Көштен қалмас үшін озық ақпараттық технологияларды меңгеру керек, сауатты болуы керек.

@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#Еңбекадамы
#enbekadamy
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#жұмысшыларжылы
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *