«ЖАС МОБИЛОГРАФТАР» фестивалі
«Бағдарламалау және ЕТ» кафедарсы «Цифрлық әлем» апталығында «Жұмысшы мамандықтар» жылына орай қалалық «Жас мобилографтар» фестивалі өткізілді. Фетивальге қаламыздың жетекші колледждері қатысты.
Фестиваль мақсаты — жастардың мобильді телефондар арқылы бейнемазмұн жасау дағдыларын дамыту, шығармашылықтарын қолдау және олардың медиасауаттылығын арттыру. Бұл фестиваль жастарға өздерінің әлеуметтік мәселелерге қатысты көзқарастарын бейнемазмұн арқылы білдіруге мүмкіндік береді, сонымен қатар оларға медиа құралдарды тиімді пайдалану мен кәсіби видеомазмұн жасау бойынша тәжірибе жинақтауға жағдай жасайды. Фестиваль мобильді телефондар мен жаңа технологияларды қолдана отырып, жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға және қазіргі медиа әлемінде бәсекеге қабілетті мамандарды тәрбиелеуге бағытталған.
Ұйымдастырушылар: «М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» МКҚК «Бағдарламалау және ЕТ» кафедарсы оқытушылары Касымбекова Н.С., Маженова Д.А., Абдуллаева Г.С., Орынбаева М.С.
@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#Еңбекадамы
#enbekadamy
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#жұмысшыларжылы
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
#құқықбұзушылыққақарсымын
#өзінөзібасқару_шымкент
#студенттік_парламент









