Skip to content

ТӘРТІПТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА! 12.03.2025ж күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар…

ТӘРТІПТІ ӨЗІҢНЕН БАСТА!
12.03.2025ж күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде “Тәртіпті өзіңнен баста!” тақырыбанда Әл-Фараби АПБ-ның кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция аға инспекторы полиция майоры Юсупов Хабибулла Ибадуллаевич, заң консультанты Сапаралы Алтынбек, Шымкент қаласы Әділет департаментінің бөлім басшысы Дина Ботан және бас маманы Самал Бахтияр студенттермен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында: Әділет департаментінің мамандары заң алдындағы жауапкершілікті, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмысын жүргізді. Полиция майоры Юсупов Хабибулла заңға бағынудың маңыздылығын түсіндірді және жас ұрпақ арасында тәртіптілік қағидаттарын насихаттады.
Сонымен қатар, студенттер мен келген спикерлер арасында ашық және мазмұнды диалог орнатылды. Студенттер келген қонақтарға сұрақтарын қойып, өз пікірлерін ортаға салды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *