«ӘКЕ – ОТБАСЫНЫҢ ТІРЕГІ»
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Әке – отбасының тірегі» атты әкелер іс-шарасы өтті.
Іс-шарада колледж психологы Еркинбекова Ақзада сөз алып, ата-аналарға, әсіресе әкелерге баланың тәрбиесінде алатын рөлін және маңыздылығын түсіндіріп, балаға көрсетілетін көңіл мен мейірімнің, тәртіптің қаншалықты маңызды екенін атап өтті.
Әкелермен колледж бен отбасының байланысы, балалардың тәрбиесі мен оқу үлгерімі бойынша ашық пікір алмасу жүргізілді. Кейбір ата-аналар бала тәрбиелеудегі өз тәжірибелерімен бөлісті.Сондай-ақ, баланың бос уақытын тиімді өткізу, үйдегі тәртіп пен үлгі көрсету мәселелері қозғалды.
Колледжбен бірлесе жұмыс істеу қажеттілігі айтылды.







