Skip to content

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК МЕКЕМЕ БАЗАСЫНА ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ 16.04.2025ж. күні…

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ӘЛЕУМЕТТІК СЕРІКТЕСТІК МЕКЕМЕ БАЗАСЫНА ЭКСКУРСИЯ ЖАСАДЫ

16.04.2025ж. күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінің ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтар жылын» өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес №78 жалпы орта білім беретін мектептің 9 сынып оқушылары ЖШС «АйСервисТранс» электротехникалық зауыт базасының жұмысымен танысу мақсатында арнайы экскурсия жасады. Мекеменің еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігіне жауапты маманы А.Тилеуов зауыттағы «Механикалық», «Металл балқыту», «Жинақтау», «Лазер», «Дәнекерлеу», «Сырлау», «Монтаждық» және «Трансформаторды жөндеу» цехтарын аралатып, талапкелерге әр цехтағы мамандардың қызметін таныстырды.
Мектеп оқушыларына экскурсия жасаудағы мақсатымыз – кәсіптік-техникалық білімге қызығушылықтарын арттыру, әрі ел экономикасын дамытуда маңызды рөл атқаратын жұмысшы мамандықтардың беделін көтеру.
Ұйымдастырушы: «Техникалық пәндер» кафедрасының арнайы пән оқытушылары.

@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#Еңбекадамы
#enbekadamy
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#жұмысшыларжылы
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *