ТӘРБИЕГЕ БАҒЫН ЖАСЫҢНАН…
"Адамға ең бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берген білім – адамзаттың қас жауы"
Әл-Фараби
22 сәуірде 2025 жылы "Тілдер" апталығына орай, М.Өтебаев атындағы ЖЖТК жатақханасында "Тәрбиеге бағын жасыңнан…" атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге 40 жылдам аса білім, тәрбие саласында қызмет еткен, еліміздің абыройлы азаматы Шағаев Нұрмаш ағамыз арнайы шақырылды.
Мақсаты: Студенттерді әдептілік пен инабаттылыққа, мейірбандылық пен татулыққа, төзімділік пен парасаттылыққа баулу, ата-аналарымызға, ұлтымызға жат қылықтардан ұрпағымызды қорғау, ортаға ой салып, өз пікірлерімен бөлісу болды.
Іс-шарада студенттер белсене қатысып, қазіргі қоғамдағы жастардың тәрбиесі, мінез құлықтары туралы ойларымен жарыса бөлісті. Тақырыпқа сәйкес терме де ойналды.
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#жұмысшыларжылы
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы






