АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу және олардың ерекшеліктерін түсіндіру мақсатында ашық есік күні ұйымдастырылды.
Ашық есік күнінде мектеп оқушылары колледждің материалдық-техникалық базасымен танысып, арнайы ұйымдастырылған көрмені тамашалады. Сонымен қатар, мобильді работотехника, компьютерлік ойындарға арналған 3D модельдеу бойынша шебер-сыныптарға қатысты. Еңбек династиясы, үздік шеберлер мен еңбек ардагерлері туралы шағын сюжеттер тамашалап, мамандардың ақыл-кеңесіне қанықты.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты мектептерден келген мыңнан аса оқушылар жұмысшы мамандардың кәсіби білігін шыңдайтын шеберханаларды аралап, қызығушылық танытқан мамандықтары бойынша қолданылатын техникалық құрал-жабдықтарды көрді.
@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#Еңбекадамы
#enbekadamy
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#жұмысшыларжылы
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы
