КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕКТЕПТЕ…
23.05.2025ж күні М.Өтебаев атындағы ЖЖТК, «Жалпы білім беру пәндер» кафедрасының оқытушылары Абикенова А.Т. және Естаева Н.У. Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты О.Жандосов атындағы №30 жалпы білім беру мектебінде өткен «Мектебім саған мың алғыс» атты салтанатты жиынына арнайы шақыртумен барып қатысты.
Іс-шара барысында бітіруші түлектерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ, «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында атқарылып жатқан жұмыстар мен кәсіптік-техникалық білімнің маңыздылығына тоқтала отырып М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжіндегі мамандықтарды таныстырып үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кәсіби бағдар жұмыстарына қолдау көрсетіп, салтанатты жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін мектеп директоры Сихамбекова Жансұлу Абдразаковнаға алғыс айтамыз.
@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы








