ЖАЗҒЫ ОҚУ ЛАГЕРІ БАСТАЛДЫ
«М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» МКҚК-де «PROF START» жобасы аясында онкүндік жазғы оқу лагері басталды.
Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына техникалық және кәсіптік білім беру бағыттарын кеңінен таныстыра отырып, олардың болашақ мамандық таңдауына көмектесу, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру және жоба арқылы жасөспірімдерді еңбекке баулу мен кәсіби әулетті дамыту мақсатында іс-шара өту жоспарланған.
Бүгінгі таңда, №16, 17, 18 жалпы білім беретін мектептерден 7–8 сынып оқушылары жазғы лагерге қамтылған. Сондай-ақ, жоспар бойынша оқушыларға колледждің базасымен таныстыру, оқу орнының тарихымен, жақсы жетістіктерімен және дайындайтын мамандықтары туралы бейнероликтер көрсетілді.
@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#Жазғылагерь2025
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы






