ОҚУШЫЛАР МОБИЛЬДІ РОБОТОТЕХНИКАМЕН ТАНЫСТЫ
Жазғы оқу лагерь, 2-күн
«М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» МКҚК-де «PROF START» жобасы аясында онкүндік жазғы оқу лагері жоспарына сәйкес №16, 17, 18 жалпы білім беретін мектептерден келген оқушылар «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша ақпарат алды. Studika роботтарының жұмыс жасау мүмкіндіктерімен (құрылымы, бөлшектерді жинау, бағдарламалық қамтамасыз ету және т.с.с.) таныстырылды.
Сонымен қатар, «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы туралы, яғни контингент, жетістіктері, жұмысқа орналасуы, т.б. таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Мектеп оқушылары қызығушылықтарын танытып, сұрақтар қойып, пікірлерімен бөлісті.
Жобаның мақсаты: Жалпы білім беретін мектеп оқушыларына техникалық және кәсіптік білім беру бағыттарын кеңінен таныстыра отырып, олардың болашақ мамандық таңдауына көмектесу, кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастыру және жоба арқылы жасөспірімдерді еңбекке баулу мен кәсіби әулетті дамыту
@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#Жазғылагерь2025
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы








