Skip to content

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ 2025 жылдың 28-мамыр күні М.Өтебаев атындағы жоғары…

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

2025 жылдың 28-мамыр күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі мен Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі бірігіп, офлайн/онлайн форматында «Worldskills» чемпионаты қатысушыларының кәсіби дағдыларын дамыту және жетілдіру» атты Республикалық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: Тәжірибе алмасу, сараптамалық қоғамдастықтың біліктілігін арттыру және міндеттерді бірлесіп шешу.

Семинарға WorldSkills Kazakhstan қозғалысын дамыту басқармасының «Тalap» КЕАҚ бас менеджері Бекташов Эльнур Махмуджанович, Ақмола облысының білім басқармасы жанындағы Степногорск қ. «Жоғары колледжі» МКҚК өндірістік оқыту шебері, «WORLDSKILLS Kazan 2019» халықаралық чемпионатының қатысушысы, «Визуалды мерчандайзинг және витринистика» құзыреті бойынша ұлттық бас сарапшы Шевченко Татьяна Олеговна, «Алматы қаласы білім басқармасының Алматы технологиялық колледжі» МКҚК директорының ОӘБ жөніндегі орынбасары, 2017-2022 жж. аралығында «Визуалды мерчандайзинг және витринистика» құзыретінің бас өңірлік сарапшысы Серая Надежда Викторовна, Шымкент қаласы білім басқармасының Әдістемелік орталығының «Аналитикалық талдау, ТжКББ» бөлімінің әдіскері Орынбаева Аққанат Бегалықызы, Шымкент қаласындағы барлық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты. М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі «Құрылыс пәндері» кафедрасының педагог-шебері, «Визуалды мерчандайзинг және витринистика» құзыретінің бас өңірлік сарапшысы, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің «Сурет және кескіндеме» кафедрасының оқытушысы Алтынбаева Анна Валерьевна, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, «Дизайн» кафедрасы, педагог-зерттеуші, «Бояу және сәндік жұмыстар» құзыреттілігінің өңірлік компатриоты Койланова Гаухар Жарасовна танымды баяндама жасады.
Тыңдаушылардан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Республикалық семинар жоғары дәрежеде өтті.

@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *