Skip to content

«WORLDSKILLS» ЧЕМПИОНАТЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ» Республикалық семинар…

«WORLDSKILLS» ЧЕМПИОНАТЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ КӘСІБИ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ»
Республикалық семинар

2025 жылдың 28-мамыр күні М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі мен Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі бірігіп, офлайн/онлайн форматында «Worldskills» чемпионаты қатысушыларының кәсіби дағдыларын дамыту және жетілдіру» атты Республикалық семинар өткізді.

Семинардың мақсаты: Тәжірибе алмасу, сараптамалық қоғамдастықтың біліктілігін арттыру және міндеттерді бірлесіп шешу.

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі «Құрылыс пәндері» кафедрасының педагог-шебері, «Визуалды мерчандайзинг және витринистика» құзыретінің бас өңірлік сарапшысы, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің «Сурет және кескіндеме» кафедрасының оқытушысы Алтынбаева Анна Валерьевна, Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжінің арнайы пәндер оқытушысы, «Дизайн» кафедрасы, педагог-зерттеуші, «Бояу және сәндік жұмыстар» құзыреттілігінің өңірлік компатриоты Койланова Гаухар Жарасовна танымды баяндама жасады.
Тыңдаушылардан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды.
Республикалық семинар жоғары дәрежеде өтті.

@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *