ОҚУШЫЛАР КІРПІШ ҚАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Жазғы оқу лагері, 6-күн
«М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжі» МКҚК-де «PROF START» жобасы аясында онкүндік жазғы оқу лагері жоспарына сәйкес мектептерден келген оқушылар «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша «Кірпіш қалау» технологиясымен таныстыру (ерітінділер жасау түрлері) дәрісіне қатысты.
Іс-шарада «Құрылыс пәндері» кафедрасының арнайы пән оқытушылары — Жантурсынова Ләззәт Амантақызы, Мадиярова Гаухар Көкешқызы құрылыс саласының кәсіби бағыттарымен таныстырды.
Ал, өндірістік шеберлер Қалабев Нұрмахан, Бағысбай Ақниет секілді тәжірибелі мамандар теориялық және практикалық бағыттағы жұмыстармен таныстырып, оқушыларға үлкен әсер қалдырды.
Оқушылар өз қолдарымен құрылыстың құрал-жабдықтарын қолданып көріп, жұмысшы мамандығының маңыздылығын сезінді.
@oku_agartu_ministrligi
@talap.edu.kz
@god.tipo
#Жұмысшымамандықтаржылы
#МӨтебаеватындағыЖЖТК_55жыл
#Жазғылагерь2025
#Годрабочихпрофессий
#talap
#типо
#Талапкер2025
QR Oqu-ağartu ministrlıgı / Министерство просвещения РК
Шымкент Қаласының Білім Басқармасы
Шымкент Қаласының Әдістемелік Орталығы









